«30 жыл 30 есім» ұлттық жүлдесінің үміткерлеріне дауыс беру басталды

23.11.2021


«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай осы жылдар ішінде ел дамуына орасан зор үлес қосқан қазақстандықтар арасында «30 жыл 30 есім» ұлттық байқауын жариялайды. Телевизиялық жүлде соңғы 30 жылда әр салада жетістікке жеткен бірегей тұлғаларға табысталады.

Әр аталым бойынша 5 үміткер сарапшылардан құралған арнайы комиссия шешіммен іріктеліп, дауыс беруге шығарылды. Телерадиокорпорацияның ресми сайтындағы жалпыхалықтық дауыс беру 30 қарашаға дейін жалғасады.


Байқау:

- Медицина және денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін;

- Қоғамдық белсенділігі үшін;

- Мәдениет саласына сіңірген еңбегі үшін;

- Кино саласына қосқан үлесі үшін;

- Спорт саласындағы жетістіктері үшін;

- Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін;

- Білім саласының дамуына қосқан үлесі үшін;

- Ауыл шаруашылығы және агроөндіріс саласына қосқан үлесі үшін;

- Дәстүрлі өнердің дамуына қосқан үлесі үшін;

- «Әдебиет» аталымдары бойынша өтеді.

Ұлттық жүлдеге үміткерлер арасында қоғам қайраткері Асылы Осман, медицина ғылымдарының докторы, академик Серік Ақшолақов, әнші Димаш Құдайберген, кино режиссері Ақан Сатаев, кәсіпқой боксшы, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Қанат Ислам, Қазақстанның тұңғыш Еңбек ері Аягүл Миразова, ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ұлықбек Есдәулет бар.

Дауыс саны арқылы қазақстандықтардың кең қолдауына ие болған жеңімпаздар 16 желтоқсан – Тәуелсіздік қарсаңында өтетін арнайы кеште марапатталады.

Үміткерлерге дауыс беру: www.vote.kaztrk.kz


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар