«Қазақстан» телерадиокорпорациясы УЕФА Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы және Конференция Лигасының ойындарын көрсету құқығына ие болды

10.09.2021

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары УЕФА Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы және Конференция Лигасының ойындарын көрсетеді.



«Қазақстан» телерадиокорпорациясы футболдан UEFA EURO 2020 Еуропа чемпионатының көрсетілімінен кейін футбол жанкүйерлерін тағы да қуантпақ. Бұл жолы Корпорация УЕФА Чемпиондар Лигасы, Еуропа Лигасы және Конференция Лигасының ойындарын Қазақстан Республикасының аумағында көрсету құқығына ие болды.

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Еуропаның ең үздік клубтарының 2021/2022 маусымындағы тартысты матчтарын көрсетеді.

Биыл УЕФА-ның жаңа клубтық турнирі - Конференция Лигасы құрылды. Оған Алматының «Қайрат» клубы қатысады. «Қайрат» өз тарихында Еурокубоктың топтық кезеңіне алғашқы рет шығып отыр. Қазақстандық команда H тобында Швейцарияның «Базель», Әзірбайжанның «Қарабах» және Кипрдың «Омония» командаларымен плей-офф жолдамасы үшін сынға түседі.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар