«Qazsport» телеарнасы футзалдан Әлем чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді

08.09.2021


12 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Литвада футзалдан Әлем чемпионатының финалдық кезеңінің ойындары өтеді.

Турнирге 6 топ бойынша барлығы 24 команда қатысады. Қазақстан құрамасы А тобында Литва, Коста-Рика, Венесуэла командаларымен ойнайды.

Плей-офф кезеңіне әр топтан алғашқы екі орын алған құрамалар мен 3-орын иелегендер арасынан 4 үздік команда шығады.

Топтық кезең 12-20 қыркүйек аралығында өтеді. Плей-офф 1/8 финалдың матчтарымен 22-24 қыркүйекте басталады. Ширек финалдар 26-27 қыркүйекте, жартылайфиналдық ойындар 29-30 қыркүйек күндері өтеді. Финал мен үшінші орын үшін матч 3 қазанға жоспарланған.

«Qazsport» телеарнасы Қазақстан құрамасының барлық ойындары мен Әлем чемпионатының өзге де командалары арасындағы кездесулерді тікелей эфирде көрсетеді.

Онлайн трансляцияны qazsporttv.kz ресми сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан көру мүмкіндігі бар.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар