Саяси тағдырымды бәйгеге тіктім: «Qazaqstan» арнасынан Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбаты шығады

01.07.2021


«Qazaqstan» телеарнасынан Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы сұхбатына негізделген «Nur-Sultan. Қолтаңба» деректі фильмі шығады. Елбасы сұхбатында елорданың өткені мен болашағы туралы сауалдарға жауап берді.

«Ел астанасын орталыққа көшіру туралы шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Көпшілік қарсы болды. Республика астанасы ретінде қарастырған қалалар тізімінде Алматы, Ақтөбе, өзім жиырма жыл қызмет еткен Қарағанды бар еді. Бірақ қазіргі шешіміме өкінбеймін. Астана елдің басын біріктірген үлкен шаһарға айналды. Жоспар бойынша 500-600 мың тұрғыны бар әкімшілік қала болуы тиіс еді, бірақ қаланың өмірін тоқтатуға болмайтынын түсіндік», - деді Елбасы журналист Ләззат Танысбайға берген сұхбатында.

Сұхбатта Н.Назарбаев саяси тәуекелдерге бару себептерін, сонымен бірге елорда халқының болашақтағы шекті саны, келешекте қала тұрғындарына жасалатын игіліктер мен қала құрылысына қатысты жаңа жоспарлар туралы баяндайды.

Жобада қазақстандық сәулетшілер, қаладағы ерекше нысандарды салуға атсалысқан Аманжол Чиканаев, Серік Рустамбеков, Байғұтты Тортаев, британиялық архитектор Норман Фостердің сұхбаттары бар.

Деректі фильм «Qazaqstan» арнасынан 5 шілде 20:00-де эфирге шығады.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар