«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияға байқау жариялайды

17.06.2021

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы қазақстандық жоғары оқу орындарындағы журналистика факультетінің II, III, IV курс студенттері арасында Қазақ телевизиясының ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы стипендияға байқау жариялайды.


«Нұртілеу Иманғалиұлы - өзінің эфирдегі бейнесімен Қазақ телевизиясының тұтас бір буынын тәрбиелеген тұлға. Біздің мақсатымыз – осы сабақтастықты жалғау, телевизияда Нұртілеу Иманғалиұлының ізбасарларын дайындау, есімі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау. Екіншіден, бұл болашақ журналистердің шығармашылық шеберлігін шыңдауға көрсеткен қолдауымыз», - дейді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

 Үміткер Н.Иманғалиұлының телевизиядағы тұлғасы жайлы бейнематериал әзірлеуі тиіс. Материалдар қазақ тілінде қабылданады. Грант иегерлерін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының қызметкерлерінен құралған арнайы комиссия анықтайды.

 Стипендия әр жеңімпазға 2021-2022 оқу жылына беріледі. Жұмыстар 2021 жылғы 28 маусым – 28 тамыз аралығында baiqau@qazaqstan.tv электронды поштасы арқылы қабылданады.

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефоны: +7 (717) 2 75 70 61.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар