«Balapan» телеарнасы Youtube желісінің «Алтын батырмасын» алды

20.04.2021


Еліміздегі балаларға арналған тұңғыш әрі жалғыз телеарна –«Balapan»Youtube-тің «Алтын батырмасын» алды. Аталған марапатты Корпорация ұжымына бүгін «Youtube Kazakhstan Genesis» компаниясының директоры Самсон Безмятежный табыстады.

Қазіргі көрсеткіш бойынша«Balapan TV»Youtube каналына жазылушылар саны – 1 млн 240 884 мың адамға жетті. Жүктелген контенттің жалпы қаралым саны – 471 479 147.

«Өткен жылдан бастап Корпорация басшылығының шешімімен телеарна үздік шетелдік туындылардың интернет құқықтарын сатып алу жұмысын қолға алды. Мұндай бастаманы қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет «Balapan» арнасы жүзеге асырып отырғанын ерекше атап өткім келеді. Нәтижесінде 7 шетелдік компаниямен келісімшарт жасалып, мемлекеттік тілге аударылған 23 анимациялық жобаның интернет құқығын сатып алдық. Барлығы 700 сериядан тұратын мультхикая «Balapan»-ның Youtube каналына жүктелді. Бұл бастама өз жалғасын табады», - деді арна директоры Мақпал Жұмабай.

Арна жетекшісінің айтуынша, бұл – арна аудиториясын арттырумен қатар, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту үшін жасалып отырған қадам. Қазір «Balapan TV»Youtube каналынан «Менің елім», «Бабалар ізі», «Үкілі әуен», «Әл-Фараби» және «Бетперделі батыр» сынды арнаның төл мультхикаяларымен қатар, «Хайди», «Зак дауыл», «Виспер», «Майя», «Аңдар достығы», «Капитан Шарки», «Кунг-фу қоян: от әміршісі», «Кемедегі оқиға» жән т.б шетелдік үздік мультфильмдерді қазақ тілінде тамашалауға болады.

Айта кету керек, «Balapan» арнасы балалар контентіне қатысты «Алтын батырма» алған еліміздегі соңғы телеарна ретінде тарихта қалатын болды. Youtube енгізген жаңа ережелерге сәйкес, бұдан былай балалар контентін тарататын арналарға мұндай сыйлық берілмейтін болған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар