«Qazaqstan дауысы» жобасы таланттарды іздейді

16.04.2021


Күзгі жаңа маусымнан бастап «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Qazaqstan дауысы» музыкалық жобасы эфирге шығады. Осыған байланысты Ұлттық арна ел ішіндегі талантты орындаушыларға онлайн байқау жариялайды. Жобада 16 жастан бастап 59 жасқа дейінгі үміткерлер бақ сынай алады.

Биылғы маусымда өнер көрсеуге өтінімдер qazaqstan.tv/voice сайтында 2021 жылғы 10 маусымға дейін қабылданады. Сонымен бірге сәуір, мамыр, маусым айларында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Орал, Ақтөбе, Ақтау, Тараз, Қызылорда, Қарағанды, Жезқазған, Павлодар, Семей, Қостанай қалаларында ашық кастинг жүргізіледі. Іріктеу карантин талаптарын сақтау мақсатында алдын ала жазылу бойынша өтеді.

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс телефоны: +7 776 286 8691.

«Qazaqstan дауысы» бұл - әлемнің 100 елінде көрсетілген әйгілі «The Voice» телешоуының қазақстандық нұсқасы. Жобаның басты ерекшелігі - қатысушылар вокалдық қабілеттеріне қарай таңдалады. 


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар