Әлем чемпионаты-2022: Украина мен Қазақстан құрамаларының іріктеу ойыны тікелей эфирден көрсетіледі

31.03.2021

Бүгін түнде Киевтегі «Олимпийский» стадионында Украина мен Қазақстан құрамалары 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясындағы кезекті матчын өткізеді. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде 00:35-те (Нұр-Сұлтан уақытымен) басталады. Комментаторлар - Ерсін Ерік, Ербол Каиров. 


Андрей Шевченконың командасы бұған дейін екі ойын өткізіп, екеуінде де 1:1 есебімен тең түсті. Алдымен қонақта Франциямен ұпай бөліссе, төрт күннен кейін өз алаңында Финляндиямен тең ойнады. Қазақстан құрамасы 28 наурыз күні «Астана-Аренада» француздарға 0:2 есебімен есе жіберді. 

Украина мен Қазақстан құрамалары осымен үшінші Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бір топқа түсіп отыр. Бұған дейін, 2006 және 2010 жылғы әлем біріншіліктерінің іріктеу турнирлерінде кездескен еді. Екі елдің командалары өзара 4 ресми матч өткізіп, барлығында Украина жеңіске жеткен.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар