«Әл-Фараби» анимациялық телехикаясы жарыққа шықты

29.03.2021

«Қазақстан» РТРК» АҚ «Balapan» телеарнасы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай 10 бөлімді «Әл-Фараби» анимациялық телехикаясын жарыққа шығарды. 2D форматта жасалған танымдық жобаның әр бөлімі 8 минуттан тұрады.


Телехикаяның басты мақсаты – түркі елінен шыққан Әбу Насыр Әл-Фарабидің тағылымды өмір жолын баяндау арқылы еліміздің бүлдіршіндері мен жастарын ғылым-білімге баулу. 

«Ұсынып отырған жобамыздың тарих пен болашақ арасындағы алтын көпір боларына нық сенімдіміз. Себебі, Әбу Насыр Әл-Фараби – әлемдік ғылым мен білім тарихындағы ұлы тұлға. Осынау теңдессіз ғалымның өмірі мен ғылыми ізденістері жайында тұщымды дүние жасауды басты міндетіміз деп білеміз. Жобада Әл-Фарабидің ғылыми жетістіктерге оқу, ізденіс, еңбек пен даналықтың арқасында жеткені баяндалады. Мұндай көркемдік, концептуалды шешім экран алдындағы бүлдіршіндердің ізденіске, еңбек пен оқуға бет бұруына себепкер бола алады деген ойдамыз», – дейді арна директоры Мақпал Жұмабай. 

Анимациялық телехикая әлемдік өркениет пен мәдениеттің ошағы болған ежелгі Тикаль, Афина, Бағдат, Каир, Шаңан, Фараб қалаларын таныстырудан басталады. 

«Әл-Фараби» анимациялық жобасы «Balapan» телеарнасынан дүйсенбі-жұма күндері, сағат 20:10, 23:00-де көрсетіледі.

 Телеарна биыл оқу-танымдық, шытырман оқиғалы, ойын-сауықтық жанрда 27 анимациялық жоба ұсынады. Оның ішінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Менің елім», «Бабалар ізі», «Бауыржан», «Алпамыс», «Қазақстан – қызғалдақтар мекені», «Тәуелсіздіктің алтын кілті» және «Ғарышкер бала Жігер» сынды анимациялық туындылар бар. 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар