Өткен сенбіде Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Arnau: kinetic voice» атты шоу 30 мыңнан астам көрермен жинаған. Димаштың концертін тамашалауға 64 елден 10 мыңға жуық жанкүйер келген.
Әнші кештің негізгі қонағы Игорь Крутойдың сүйемелдеуімен «Қалжыраған аққулардың сезімі» (Любовь уставших лебедей) әнін орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.
Естеріңізге сала кетейік, концерттің негізгі ұйымдастырушысы «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.