«Астана» радиосына – 22 жыл

19.01.2021

«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясына қарасты елордалық басты ақпарат құралдарының бірі – «Астана» радиосы 1999 жылы 19 қаңтарда алғаш рет эфирге шықты. Сол уақыттан бері радиоарна елордамен қатар дамып келеді. Көбінесе жастар аудиториясын қамтитын «Астана» радиосы 22 жыл ішінде сапалы музыка және қызықты шоу-бағдарламалармен тыңдармандар жүрегінен орын алып үлгерді.   


Радио мемлекеттік жастар саясатын негізге ала отырып, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-ағарту саласындағы өзекті тақырыптарды көтереді. Екі тілде хабар тарататын радиоарна тікелей эфирде күнделікті сағат таңғы 7.00-ден түнгі 01.00-ге дейін жұмыс істейді. Қазіргі уақытта эфирде ақпараттық-танымдық «Еңселі елорда», «Әлеумет тынысы», «Жаңғыру жолы», «Soyle KZ», «Медицина для всех», «Время деловых» хабарлары және «Жұлдызды елорда», «Музыкальный дождь» атты музыкалық бағдарламалары, сонымен қатар «Біздің уақыт», «Қайырлытаңцы», «Live Bar», «ТО САМОЕ ШОУ» сынды радио-шоулары жүріп жатыр.

2013 жылдың қарашасынан бастап «Астана» радиосы тікелей эфирде бейнекөрсетілім режимінде жұмыс істейді. 2015 жылдан бастап эфирге шығып жатқан радиоконцерт жанрындағы жобалар отандық радиолар арасында алғашқы болып саналады. Youtube желісі мен Facebook әлеуметтік парақшасында эфирдегі бағдарламаларды live форматта тамашалауға болады. 

Радиоұжымның жекелеген жобалары екі мәрте ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Алғысымен марапатталды. Сондай-ақ 2017 жылы журналистика саласына арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» байқауында «Үздік аймақтық радиостанция» номинациясында жеңіске жетті. 

Бүгін, 19 қаңтарда «Астана» радиосының мерекелік эфирін Youtube желісі мен Facebook әлеуметтік парақшасында тамашалауға болады. Эфирді радиода әр жылдары хабар жүргізген журналистер тізгіндейді. 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар