«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Головкин-Шеремета жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді

10.12.2020

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) АҚШ-тың Флорида штатындағы Холливуд қаласында поляк боксшысы Камил Шереметамен (21-0, 5 KO) жекпе-жек өткізеді. 


38 жастағы жерлесіміз шаршы алаңға соңғы рет 2019 жылдың қазан айында украиналық Сергей Деревянченкоға қарсы шыққан еді. 31 жастағы Шереметамен өтетін жекпе-жекте Головкин IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын қорғайтын болады. 

Бокс кеші аясында қазақстандық кәсіпқой боксшы, екінші орта салмақтағы WBC International Silver чемпиондық белбеуінің иегері Али Ахмедов (16-0, 12 КО) кезекті жекпе-жегін өткізеді. Али Ахмедов 18 кездесудің барлығында жеңіске жетіп, 13 қарсыласын нокаутпен ұтқан 31 жастағы эквадорлық Карлос Гонгорамен жұдырықтасады. 

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары бокс кешін 19 желтоқсанда тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 4-те басталады.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы қазақстандық жанкүйерлерге Геннадий Головкиннің барлық жекпе-жектерін тұрақты түрде ұсынып келеді. 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар