«Qazaqstan» телеарнасынан «Елдіктің бастауы» жаңа деректі фильмі жарыққа шығады

30.11.2020

 «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Елдіктің бастауы» жаңа деректі фильмінің тұсауы кесіледі.  

Деректі фильм ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың елдің мүддесі мен болашағы үшін қабылдаған шешімдерінің нәтижесіне арналған. Атап айтқанда, мемлекеттік шекараның бекітілуі, шетелдердегі қандастардың атажұртқа көшіп келуі, шағын және орта бизнеске қолдау, «Болашақ» бағдарламасы мен Назарбаев зияткерлік мектептерінің ашылуы сынды бес ауқымды бағыт қамтылған. 


Фильмде қарапайым еңбек адамдарының елдегі істерге көзқарасы, пікір-пайымы, Елбасына лебіздері күнделікті тіршілік көріністері арқылы өріледі. Сондай-ақ мұрағат материалдарынан Н.Назарбаевтың осы бес бағыт бойынша сөйлеген сөздерінен үзінділер мен бейнекөріністер келтіріледі. 

Түсірілім жұмыстары Нұр-Сұлтан, Ақтөбе қалалары, Ақмола облысының Егіндікөл ауданы, Алматы облысының Көксу ауданы және Жамбыл облысындағы Қордай шекара бекетінде өтті. 

«Деректі фильмнің кейіпкерлері – түрлі жастағы және түрлі саладағы адамдар. Бірі өз саласында жетістікке жеткен мемлекеттік қызметкер, енді бірі өз кәсібін дөңгелетіп қана қоймай, көпшілікке пайдасы тиіп жүрген кәсіпкер. Фильмде үлкен өмірге қадам баспаса да, талабы зор оқушы да бар. Оларды біріктіретіні елге, туған жерге сүйіспеншілік, еңбекқорлық пен білім-білігін жетілдіруге деген талпыныс», - дейді деректі фильм авторы, журналист Альбина Әшім. 

Деректі туынды «Qazaqstan» арнасынан 1 желтоқсан сағат 16:00-де эфирге шығады. 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар