Телехикаяларға байқау жарияланады

17.07.2019

«Қазақстан» Телерадиокорпорациясы 2020 жылға арналған жаңа телехикаяларға байқау жариялайды. Тапсырыстар келесі жанрлық бағыттар бойынша қабылданады: қоғам өмірінің иірімдерін қамтитын отбасылық құндылықтар, спорт әлеміндегі көрнекті тұлғалар, әскери-патриоттық, ретроспектива, мюзикл. Байқауға қатысушы компания арнайы концепция жолдауы керек. Концепцияда: жобаның атауы, идеясы, мақсаты, көлемі, ұзақтығы және саны, жанры, сметалық шығыны, компанияның техникалық жағдайы, мамандарының біліктілік құрамы және фильмографиясы қамтылуы керек. Ұсыныстар фильмдер мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндіктері жоғары компаниялардан ғана қабылданады.

Өтініштер 2019 жылғы 1 қыркүйекке дейін kaztrk@kaztrk.kz эл. поштасы арқылы қабылданады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар