«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының медиамектебі алтыншы маусымын бастады

16.10.2026


Болашақ теле және радио мамандарына арналған медиамектепке журналистика саласы бойынша білім алып жүрген III және IV курс студенттері, сондай-ақ спорттық трансляцияларды жүргізуге қабілеті мен қызығушылығы бар 35 жасқа дейінгі өзге де үміткерлер қатыса алады.

Биыл «Медиамектеп» бағдарламасы бес кәсіби бағыт бойынша ұйымдастырылады: тележүргізушілік, журналистика, продюсерлік, режиссура және спорт комментаторлығы. 

Әр бағыт бойынша 10 студенттен қабылдау жоспарланған.

Өтінімдер 2026 жылғы 31 қазанға дейін qazaqstan.tv сайты арқылы қабылданады.

Жобаға қатысуға ниетті үміткерлер мына материалдарды ұсынуы қажет:

• мотивациялық хат;

• шығармашылық жұмыс немесе портфолио;

• авторлық медиажобаның тұжырымдамасы.

Тыңдаушылар алты айдан астам уақыт бойы «Qazaqstan», «Qazsport», «Abai TV», «Balapan» телеарналары мен «Қазақ радиолары» ЖШС мамандарынан онлайн және офлайн форматта практикалық білім алады.

Оқыту ақысыз негізде өтеді. Бағдарламаны үздік аяқтаған түлектерге еңбек жолын «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жүйесінде бастауға мүмкіндік беріледі.

«Медиамектеп» жобасының алғашқы бес маусымы аясында барлығы 175 студент тегін білім алды. Оның ішінде 24 түлек Корпорация құрамындағы медиа құрылымдарға жұмысқа орналасты.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар