«QAZAQSTAN» және «QAZSPORT» телеарналары XXV қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

16.01.2026


6-22 ақпан аралығында Италияның Милан және Кортина-д-Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындары өтеді. Төрт жылдықтың басты бәсекесін «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрермен назарына ұсынады.

Олимпиада кезінде Корпорацияның арнайы түсірілім топтары жаһан жұрты көз тігетін дүбірлі додадан эксклюзивті хабар таратады. Сонымен қатар «Qazaqstan» мен «Qazsport» арналарынан күн сайын «Олимпиада күнделігі», «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде «Милан – Кортина 2026» студиялық бағдарламасы көрерменге жол тартады.

Ақ ойындарда 8 спорт түрінен 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазіргі таңда Қазақстан үш спорт түрі – шорт-трек, конькимен жүгіру және мәнерлеп сырғанаудан олимпиадалық квоталардың иегері атанды. Қысқы Олимпиадалар тарихында тұңғыш рет жарыстарды ресми түрде қос қала қабылдайды. Италия төрінде 100-ге жуық елдің 3000 спортшысы өнер көрсетеді деп жоспарланып отыр.

Ойындардың ашылу салтанаты 6 ақпан күні өтеді. Олимпиаданың ашылуы мен өзге де сайыстары «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «Jibek Joly» арналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар