Бек Кенжебай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды

03.12.2025

Бек Кенжебай 1983 жылы 16 ақпанда дүниеге келген. Медиа саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. «Қазақстан» телерадиокорпорациясында бұған дейін 2006-2012 жылдар аралығында Эфирлік саясат дирекциясының Бағдарламалар директоры, Корпорацияның Сараптама тобының басшысы ретінде қызмет атқарған. «Астана» телеарнасында 5 жылдан астам уақыт жетекші лауазымдарда еңбек етіп, соңғы екі жылда «31 арна» медиахолдингін басқарды.

Бек Маздатұлының Корпорацияны одан әрі дамыту жолындағы еңбегіне табыс тілейміз.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар