Тәуелсіздік күні «Томирис» телеэкранға шығады

13.12.2019

Биылғы жылдың қыркүйек айында жалпыұлттық прокатқа шығып, ең көп касса жинаған отандық кинотуындылардың бірі «Томирис» фильмі алғаш рет телеэкраннан ұсынылады. Тарихи туындыны Тәуелсіздік мерекесіне орай «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы көрсетеді.

Кинокартина Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы мен «Sataifilm» компаниясының бірлескен жобасы. Фильмде біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда Парсы империясының патшасы Кирмен шайқасып, сақ тайпаларын өз билігінің астына біріктірген, аты аңызға айналған Томирис патшайымның тағдыры баяндалады.

Фильм «Qazaqstan» арнасынан 16 желтоқсан сағат 19:00-де көрсетіледі. Сонымен қатар, басты кейіпкер Томирис рөлін сомдаған актриса Альмира Тұрсын осы күні Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына қатысады. Тікелей эфирдегі сұхбат сағат 08:30-ға жоспарланған.

«Qazaqstan» арнасы мерекелік кестесіне үздік отандық фильмдер керуенін енгізуді дәстүрге айналдырған. Тәуелсіздік күніне орай телерадиокорпорацияның төл өнімі «Орбұлақ шайқасы» телехикаясының тұсауы кесіледі. 8 сериялы тарихи туынды Ұлттық арна эфирінен 16-17 желтоқсан, сағат 14:50-де шығады.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар