
Ұсыныстар тарихи хикая, драма, мелодрама, комедия, шытырман оқиға жанрында келесі бағыттар бойынша қабылданады:
· Адам құқығы мен өмірінің құндылығы;
· Заң үстемдігі, қоғамдық тәртіп мәселесі;
· Отандық ғылымның дамуы, ғалымдар;
· Цифрлық технологияны сауатты пайдалану;
· Киберқауіпсіздік;
· Жасанды интеллект;
· Қоғамның дамуына үлес қосатын жекелеген тұлғалар, еңбек адамдары (шахтер, IT мамандары, дәрігер, мұғалім, құқық қорғау мамандықтары және т.б.);
· Бес кесел;
· Қоғамдағы жастардың орны;
· Дарынды балалар туралы;
· Ауыл тіршілігі, ауыл шаруашылығының дамуы;
· Ішкі туризм мен аймақтардың дамуы;
· «Таза Қазақстан» экобастамасы, экология мәселелері, жануарларға қамқорлық;
· Тарихтағы елеулі кезеңдер мен тарихи оқиғалар;
Сонымен қатар танымал отандық әдеби шығармалардың желісі бойынша экранизацияға ұсыныстар қабылданады. Байқауға қатысушы компания телехикаяға арқау болар идеясын жолдауы керек.
Ұсыныстар фильм мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндігі жоғары компаниялардан қабылданады.
Өтініштерді 2025 жылғы 8 желтоқсанға дейін serial@qazaqstan.tv
электронды поштасы арқылы жолдай аласыздар.
Қосымша сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: 8 (717) 2 75 71 08.