«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі жаңа маусымын бастайды: биыл алғаш рет Комментаторлар курсы енгізілді

16.10.2025


«Қазақстан» телерадиокорпорациясының болашақ теле және радиомамандарына арналған медиамектебі бесінші маусымын бастайды. Медиамектепке ЖОО-ның журналистика саласы бойынша білім алып жүрген III, IV курс студенттері өтінім бере алады. Биылғы оқыту кезеңінің басты жаңалығы – медиамектеп аясында алғаш рет Комментаторлар курсы ашылады.

«Қазір Корпорацияның «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарында 40-қа жуық комментатор еңбек етеді. Соңғы жылдары олардың кәсіби деңгейі айтарлықтай өсіп, отандық комментаторлардың тұтас мектебі қалыптасты. Біздің мақсатымыз – осы тәжірибені бөлісе отырып, жаңа буын комментаторлардың қалыптасуына ықпал ету және Корпорацияның медиа саласындағы кадрлар ұстаханасы ретіндегі рөлін нығайту», - дейді Басқарма төрағасы Ернұр Бурахан.

Курсқа студенттермен қатар, спорттық трансляцияларды жүргізуге қабілеті мен қызығушылығы бар 35 жасқа дейінгі өзге үміткерлер қабылданады.

Медиамектепке өтінімдер 2025 жылғы 31 қазанға дейін qazaqstan.tv сайты арқылы қабылданады. Тыңдаушылар жарты жылдан астам уақыт бойы «Qazaqstan», «Qazsport», «Abai TV», «Balapan» телеарналары мен «Қазақ радиолары» ЖШС мамандарынан, сондай-ақ жетекші медиа сарапшылардан шығармашылық және техникалық бағыттар бойынша онлайн және офлайн форматта практикалық білім алады.

Оқыту ақысыз негізде өтеді. Бағдарламаны үздік аяқтаған түлектерге алғашқы еңбек жолын «Қазақстан» телерадиокорпорациясы жүйесінде бастау мүмкіндігі беріледі.

2021 жылдан бері жоба негізінде 123 студент білім алып шықты. Оның ішінде 24 студент Корпорацияға жұмысқа қабылданды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар