«Abai tv» телеарнасына - 5 жыл

31.05.2025

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының құрамындағы «Abai tv» телеарнасының эфирге шыққанына бүгін – 5 жыл.

Телеарна ақпарат кеңістігіне «Ақыл - ойдың айнасы» ұранымен 2020 жылдың 1 маусымында жол тартты. Бүгінде ел аумағында 17 сағат эфир таратады.

Телеарна бес жыл ішінде 5672 эпизодтан тұратын 226 хабар түсірді. Руханият, қоғам, мәдениет, өнер және тарих салаларының тұлғалары туралы 190 деректі фильм эфирге шықты. Кино және театр өнерінің тыныс-тіршілігі мен отандық мамандардың жетістіктері арна эфирінен тұрақты түрде көрсетіліп келеді. Әлемдік өнер иелері мен олардың шығармашылығы туралы фильмдер де қазақ тіліне аударылып, көрермен назарына ұсынылды. Телеарна ұлттық театр өнеріндегі үздік спектакльдердің, балет және опералық қойылымдардың телевизиялық түсірілімін жасауды жолға қойды.

Арнаның осы бағыттардағы «Сарасөз», «Вечные ценности», «Ұмытпаймыз», «Сана», «Соңғы муза», «Үркер», «Киелі сахна» сияқты жобалары бүгінде өз аудиториясын қалыптастырды. Қазіргі күні арна эфирінде 30-ға жуық бағдарлама бар.

Телеарнада жазушы Жүсіпбек Қорғасбек, Сағатбек Қалиев, Сәкен Сыбанбай, ақын Қалқаман Сарин, Нәзира Бердалы, қобызшы Ғазиза Ғабдрахимова, суретші Лейла Махат, өнертанушы Молдияр Ергөбек, белгілі тележүргізушілер Қымбат Досжан, Светлана Коковинец, Жаңыл Асылбекова қызмет етіп келеді.

Телеарнаның 5 жылдығына орай түсірілген «Abai tv: Бес жылдық белес» жобасы арна эфирінен 1 маусым күні 20:00-де көрсетіледі.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар