«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Желаяқ» анимациялық фильмі кинопрокатқа шығады

30.04.2025


«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 1 мамырдан бастап «Желаяқ» толықметрлі анимациялық фильмін прокатқа шығарады.

Фильмнің басты кейіпкері – ерекше қабілетке ие 6 жастағы желаяқ Әлем. Шытырман оқиға мен қиял-ғажайыпқа құрылған анимациялық фильмнің желісі бойынша Әлем бойындағы ерекше күш арқылы қоғамды зұлымдық пен қауіп-қатерден қорғайды. Бас кейіпкерді 12 жастағы дубляж актері Дидахмет Нұрбай дыбыстайды.

 «Қазақстан» телерадиокорпорациясы анимациялық туындыларын тек телеэфир арқылы емес, кинотеатрларда көрсете бастады. Бұл – еліміздің медиа саласында қалыптасып келе жатқан жаңа дәстүрдің бастауы деуге болады. Биылғы Наурыз айында еліміздің кинотеатрларынан кішкентай көрермендерге арнап «Шоқан. Қашқарияға сапар» анимациялық фильмін көрсетсек, ендігі тартуымыз – қазақ мифологиясындағы негізгі кейіпкер Желаяқ бейнесін жаңаша сипатта танытуға арналған анимациялық туынды. Бұл жоба арқылы балалардың өзінің ұлттық болмысына, мифологиялық мұрасына қызығушылығы артады деген ойдамыз. Біздің негізгі мақсатымыз – қазақ тіліндегі контенттің, оның ішінде балаларға арналған медиаөнімдердің таралу ауқымын кеңейту, кинотеатрларға баратын балаларымыз үшін мазмұнды отандық туындыларды қолжетімді ету», - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы отандық туындыны кинотеатрлардан тамашалауға шақырады. Фильм 1 мамырдан бастап еліміздің 27 қаласындағы 77 кинотеатрда көрсетіледі. Көрсетілімнің алғашқы аптасында барлық қала бойынша бір күнде 146 сеанс белгіленген.

Трейлер1

Трейлер 2


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар