«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Балуан Шолақ» тарихи фильмін көрсетеді

27.11.2019

 ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсіріліп, биылғы жылдың көктемінде ұлттық прокатқа шыққан «Балуан Шолақ» толықметражды көркем фильмі алғаш рет телеэкраннан ұсынылады. Тарихи туынды 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының эфирінен көрсетіледі.

 Жазушы-драматург Дулат Исабековтің «Жаужүрек» пьесасының желісі бойынша түсірілген туынды қазақ палуаны, әнші әрі композитор Балуан Шолақтың өміріне арналған және даңқты тұлға туралы тұңғыш фильм. Онда Балуан Шолақ рөлін танымал театр және кино актері Еркебұлан Дайыров сомдайды.

 Кинолентада атақты палуанның жеке өмірі мен өскен ортасы, әншілігі мен сазгерлік қырынан өзге, қилы тағдыры мен туған еліне деген шексіз махаббаты көрініс табады. Көрермен оны тек алып күш иесі ғана емес, ұлт мүддесіне қызмет еткен тұлға ретінде танитын болады.

 «Ұлт мақтанышына арналған туындының қарашаңырақ «Qazaqstan» арнасының эфирінен көрсетілуі оның маңыздылығын айғақтайды», - дейді фильм режиссері Нұргелді Садығұлов.

 Кинокартина осы күндері Үндістанның Гоа штатында өтіп жатқан 50-ші Халықаралық кинофестивальге «Әлемдік премьера» бағдарламасы бойынша ұсынылып, әлем киногерлері тарапынан жоғары бағаға ие болды.

 Тарихи фильмді көпшілік «Qazaqstan» Ұлттық арнасының эфирінен 30 қараша 22:40-та, 1 желтоқсан 12:20-да көре алады.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар