«Qazastan» телеарнасынан «Қазақ қызы» деректі фильмдер топтамасы эфирге шығады

28.02.2025

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы бүгін Астанада «Қазақ қызы» атты деректі фильмдер топтамасының тұсаукесерін өткізді. Шараға қоғам қайраткерлері, ғалымдар, журналистер мен түрлі салада қызмет етіп жүрген белсенді әйелдер қатысты.

Деректі топтама қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш дәрігер Аққағаз Досжанова мен Гүлсім Асфендиярованың, алғашқы мұғалім, этнограф, аудармашы, журналист Нәзипа Құлжанова мен Хұсни-Жамал Нұрлыханованың өмір жолына арналған.

Деректі фильмнің түсірілім жұмыстары Қазақстан, Өзбекстан, Ресей елдерін қамтып, 10-нан астам қалада жүргізілді және жобаға отандық, шетелдік 50-ден аса зерттеуші атсалысты.

«Қазақ қызы» жобасы өз дәуіріндегі түрлі қиындықтарға қарамастан, білім алуға, халықты ағартуға ұмтылған қазақ әйелдерінің өмірін, күрескерлігін көрсетеді. Бұл фильмді жасаудағы басты мақсатымыз – қазақтың тұңғыш қайраткер әйелдерінің есімін, тарих сахнасындағы орнын дәріптеу, олардың ұлтқа деген риясыз қызметін кейінгі буынға жеткізу. Жобаны жетілдіріп, тарихи сериал ретінде де жарыққа шығару туралы жоспарымыз болған, алайда, деректі фильмнің түсірілімі барысында кейіпкерлеріміз туралы деректердің тапшы екеніне көз жеткіздік.Біздің бұл бағыттағы ізденістеріміз әрі қарай да жалғаса береді», - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Жоба авторы – журналист, документалист Әлия Әшім, қоюшы-режиссері – Қуаныш Жылжақсынов, сценарий авторы – Гүлнұр Қуанышбекқызы.

«Қазақ қызы» деректі фильмдер топтамасы «Qazaqstan» телеарнасынан 8-9 наурыз күндері сағат 15:25-те көрсетіледі.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар