«Қазақстан» телерадиокорпорациясының медиамектебі төртінші кезеңін бастады

20.11.2024

Биылғы оқыту кезеңіне еліміздің 10 жоғары оқу орнының журналистика, Цифрлы медианы басқару, Қоғаммен байланыс, медиаөнер, Кино және телевизия режиссері, медиакоммуникация мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерден 104 өтінім түсіп, оның ішінен 30 үміткер іріктеліп алынды. Аймақтық жоғары оқу орындарынан қабылданған тағы 23 студент онлайн білім алады.


Бүгінгі өткен ашылу шарасында студенттер «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирдегі «Ақпарат», «Таңшолпан», «Ашық алаң», «Тату-тәтті» және «1001 түн» бағдарламаларының, «Abai tv» арнасының «Арнау» жобасының, «Қазақ радиоларының» студияларымен танысып, телеарна журналистері, жүргізушілермен пікір алмасты.


«Біздің басты мақсатымыз - жас журналистердің практикалық білімін шыңдауға мүмкіндік беру, тәжірибемен бөлісу. Биыл алғаш рет өңір жастарын да қамтып отырмыз. Мұндай шешім жыл сайын өңірлердегі студенттер тарапынан түсетін сұранысқа байланысты қабылданды. Сонымен қоса, биыл Корпорация қызметкерлерінен бөлек, студенттерді оқытуға нарықтағы жоғары кәсіби беделге ие мамандар да атсалысады», - деді медиамектеп жұмысы туралы «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.


Медиамектеп сабақтары ақысыз негізде жүргізіледі және ең үздік түлектер еңбек жолын «Қазақстан» телерадиокорпорациясынан бастауға мүмкіндік алады.


Жаңа кезеңге іріктелгендердің арасында Алматы қаласынан Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Назарбаев университеті; М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ; Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды универсеті; С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері бар.


Жоба бастау алған 2021 жылдан бері 83 студент білім алып, олардың 16-ы бүгінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты телеарналарда табысты еңбек етуде. телерадиокорпорациясына қарасты телеарналарда табысты еңбек етуде.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар