XVIІ Жазғы Паралимпиада ойындарын «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

23.08.2024


28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында Парижде өтетін XVIІ Жазғы Паралимпиада ойындарын қазақстандықтар «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады.

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатын 28 тамыз күні 23.00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде ұсынады. Паралимпиада ойындары өтетін мерзімде «Qazsport» телеарнасының тілшісі Азат Смағұлов пен оператор Абзал Чадетов Парижден ақпарат таратады. Эфирде Олимпиада ойындарын жүргізген комментаторлар тобы жұмыс істейді.

Қазақстан құрамасы жазғы Паралимпиада ойындарына осымен 8-рет қатысады. XVIІ Жазғы Паралимпиада ойындарына қатысу үшін ұлттық құрама спортшылары 33 лицензия иеленді.

Тікелей трансляциялар кестесі қосымша жарияланады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар