«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары Париж-2024 XXXIIІ Олимпиада Ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

23.07.2024

26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париж-2024 XXXIIІ Олимпиада Ойындарын Қазақстан аумағында көрсету құқығын отандық 5 телеарна иеленді.

Қазақстандықтар Олимпиада Ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар», «Ел арна» және «Jibek Joly»телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.

Олимпиада ойындарын бес телеарнадан 26 комментатор жүргізеді. Олардың арасында Есей Жеңісұлы, Сергей Райлян, Лилиана Әлжанова, Ғалым Сүлейменов, Арман Абдрахманов, Жандос Айтбайұлы, Асхат Жақаев, Айдар Махметов, Ербол Қайыров сияқты тәжірибелі мамандар бар.

Париж-2024 XXXIIІ Олимпиада Ойындарына Қазақстан құрамасы 25 спорт түрінен 92 лицензия иеленді. Ел атынан 80 спортшы сынға түседі. Олимпиада Ойындарының сайыстар кестесі қосымша жарияланады.

Олимпиада Ойындары кезінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясы мен «Хабар» агенттігінің арнайы түсірілім топтары жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар