Жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Он алты жасар чемпион» повесі тұңғыш рет экранизацияланады. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы халық арасында кең танылған шығарма желісі бойынша биыл 4 бөлімді телехикая түсіреді.
«Ол алты жасар чемпион» қаламгердің 1951 жылы жазған туындысы. Табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында бокстан Әлем чемпионы атанған бас кейіпкер, ауылдық мектептің оқушысы Мұрат Балтабаевтың бейнесін сипаттайтын шығарма кейіннен бірнеше рет өңделіп, «Чемпион» және «Жекпе-жек» атауларымен де жарық көрді.
Биыл қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына - 100 жыл. Қаламгердің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы 4 бөлімді телехикаядан бөлек, Бердібек Соқпақбаевтың өмірі жайында «Бірегей» циклімен деректі фильм түсіреді.