«Қорқыт» телехикаясы Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан телеарналарынан көрсетіледі

15.12.2023


«Қазақстан» телерадиокорпорациясы түсірген «Қорқыт» биографиялық драмасы Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің телеарналарынан көрсетілетін болды. Телехикая Түркияның «TRT», Әзірбайжанның, «AzTV», CBC TV арналары, Қырғызстанның «КТРК» және Өзбекстан мемлекеттік телерадиокомпаниясы арқылы түркі мемлекеттерінің аудиториясына ұсынылады. Телехикая аталған елдерде түрік, қырғыз, әзірбайжан, орыс тіліндегі дубляжбен көрсетіледі.

Төрт бөлімді тарихи драманы «Қазақстан» Корпорациясы Өзбекстан және Қырғызстан елдерімен бірлесе түсірді. Телехикаяның түсірілім жұмыстары Алматы облысы мен Өзбекстанның Хиуа қаласында жүргізілді. Сериалда қырғыздың атақты манасшысы Рысбай Исақов пен танымал актері Аскат Сулаймановтың рөлдері бар.

Телехикаяның отандық арнадағы тұсаукесері «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан 16-17 желтоқсан күндеріне жоспарланған.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар