«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Altai» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды

20.11.2023

Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай бүгін аймақтық арнадағы ұжыммен кездесіп, журналист Берік Көшербайды Корпорацияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалына жетекшілікке тағайындады.


Берік Көшербай 1983 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. «Қазақстан» телерадиокорпорациясында 15 жылдан бері қызмет етеді. Еңбек жолын 2003 жылы Корпорацияның Шығыс Қазақстан облыстық филиалында телеоператор болып бастады. 9 жылға жуық уақыт «Qazaqstan» телеарнасының Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі болды. 2021 жылдан бастап «Qazaqstan» телеарнасының тілшісі, «Qazaqstan» телеарнасы Жаңалықтар қызметінің шеф-редакторы, «Qazsport» телеарнасының Бас редакторы міндеттерін атқарды.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар