Нұртас Солтанұлы «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды

17.11.2023

Журналист Нұртас Солтанұлы «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ радиолары» ЖШС Бас директоры қызметіне тағайындалды.

39 жастағы Н.Солтанұлы 2019 жылдан «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы «Altai» телеарнасын басқарды. 2006-2011 жылдар аралығында «Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық бағдарламалар дирекциясының тілшісі, 2011-2019 жылдары «Qazaqstan» телеарнасының Ресейдегі меншікті тілшісі болды.


«Нұртас Солтанұлы Корпорацияда 18 жылдан бері еңбек етіп келеді. Соңғы төрт жылдан астам уақыт аймақтық арнада өте табысты қызмет атқарды. Енді жинаған тәжірибесі мен кәсіби білімін Қазақ радиосын бәсекеге қабілетті етуге жұмсайтынына сенеміз. Радионың алдына қойылған міндет - ұлттық сипатын сақтай отырып, одан әрі дамыту, заманауи, озық медиаға айналдыру», - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

«Қазақ радиолары» ЖШС құрамына Қазақ радиосы, «Shalqar», «Astana» және «Classic» радиолары кіреді.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар