«Atyraý» телеарнасының директоры тағайындалды

06.10.2023


Журналист Талғат Өтеғұлов «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты «Atyraý» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды.

Талғат Өтеғұлов 1979 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2005-2008 жылдары Корпорацияның Ақтөбе облыстық филиалында Жаңалықтар қызметінің тілшісі болып бастаған, 2008-2012 жылдары «Atyraý» телеарнасында редактор, диктор қызметтерін атқарды. 5 жылдан астам уақыт «Хабар» агенттігінің» Атырау облысындағы меншікті тілшісі болды.

Соңғы жылдары аймақтағы компаниялардың Қоғаммен байланыс бойынша маманы, Caspian news облыстық телеарнасының продюсері болып еңбек етті.

Ұжымға жаңа басшыны бүгін Басқарма төрайымының орынбасары Азамат Кеңесұлы таныстырды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар