Журналист Нұрбек Әмиша «Qyzylorda» телеарнасының директоры болып тағайындалды

12.10.2023


Журналист Нұрбек Әмиша «Қазақстан» телерадиокорпорациясының аймақтық «Qyzylorda» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Н.Әмиша бұған дейін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз хатшысы қызметін атқарды. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін, Ұлыбританияның University of Leeds оқу орнын тәмамдаған.

Саладағы қызметін аймақтық басылымдарда тілшіліктен бастап, 2007-2009 жылдары «Айқын» республикалық газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі, 2009-2011 жылдары «Qyzylorda» телеарнасының редакторы, 10 жылға жуық уақыт «Хабар» агенттігінде редактор, продюсер және Бас редактор болып еңбек етті.

Ал телеарнаны 20 жылдай уақыт басқарған Жағыппар Қарабала бүгін зейнет демалысына шықты. Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай Жағыпар Қарабаланың аймақтық телеарнаның дамуына сіңірген еңбегі үшін алғыс білдірді.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар