Ләззат Танысбай: Телеарналардың жаңа аудиториясы қалыптасып жатыр

20.09.2023

Бүгін Астанада отандық медиа индустрияны дамыту және іскерлік қатынастарды нығайтуға бағытталған дәстүрлі Astana Media Week-2023 шарасы басталды. Жетінші медиа апталықтың тақырыбы – «Media power: тенденциялар, өзгерістер, этика». Шараға ұлттық ведомстволар мен телеарналардың басшылары, Түркия, Корея, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден келген танымал журналистер мен продюсерлер қатысып жатыр.

Медиа шараның кезекті пленарлық сессиясында «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Танысбай «Qazaqstan» телеарнасының соңғы бес жылдағы көрсеткішіне тоқталды.


«Сапа мен рейтинг – егіз ұғым. Ұлттық арнаның соңғы бес жылдағы көрсеткішіне тоқталсам, біз көрермендер үлесі бойынша 90% өсімді көрсетіп отырмыз. Біз тұңғыш рет қазақ телевизиясы тарихында мемлекеттік арна ретінде алғашқы үштікке кірдік. Бұл - мақтанарлық жетістік. Себебі, қазір қоғамда телеарна көрермені аз деген түсінік қалыптасқан. Керісінше, қазір телеарналардың өнімдерін көретін жаңа аудитория пайда бола бастады. Себебі, бұрын тек телеэкран арқылы қаралатын контент қазір көрерменге басқа тәсілдер арқылы, яғни, түрлі құрылғылар мен платформалар арқылы жетіп жатыр. Корпорацияның әлеуметтік желілердегі оқырмандарының саны бүгінде 10 миллионнан асты. Біздің өнімдеріміздің тек YouTube желісіндегі бір айлық қаралымы 45 миллионға дейін жетеді», - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Басқарма төрайымының айтуынша, қазір «Qazaqstan» телеарнасы көрермендерінің 32%-ын 35 жасқа дейінгі жастар құрайды. «Біз сол жастарға өздеріне ыңғайлы трендтерді пайдаланып, жаңаша форматтағы өнімдерді ұсынуға тырысамыз. Сол мақсатта биылғы маусым ұлттық жобаларға арналды», - деді Ләззат Танысбай.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар