QAZAQSTAN Ұлттық телеарнасы «Астана» - «Партизан» матчын тікелей эфирде көрсетеді

02.10.2019

«Астана» футбол клубы УЕФА Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі екінші турдың матчын ү.ж. 3 қазан күні «Астана Арена» стадионында сербиялық «Партизанға» қарсы өткізбек. Аталмыш матчты «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасынан елорда уақыты бойынша сағат 20:50-ден бастап тамашалай аласыздар.

Осыған дейін «Астана» футбол клубының еурододалардағы ойындарын көрсетіп келген «QAZSPORT» телеарнасы 3 қазан күні кеште Құрлықтық хоккей лигасындағы «Барыс» - «Торпедо» кездесуін көрсетеді. Хоккей кездесуі елорда уақытымен сағат 19:30-да басталады.

Аталған екі ойын бір уақытта болғандықтан, дәстүр бойынша хоккейден өз жанкүйерлерін жинаған «QAZSPORT» арнасы «Барыс» - «Торпедо» кездесуін көрсетсе, ал «Астана» - «Партизан» матчын «QAZAQSTAN» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде ұсынады.

Сонымен қатар, алдағы матчтарды qazaqstan.tv және qazsporttv.kz cайттары арқылы, QAZAQSTAN TV мобильді қосымшасынан онлайн тамашалауға болады.

Бәсі биік турнирлерде ел намысын қорғап жүрген елордалық командаларға еліміздің басты арналарымен бірге жанкүйер болыңыздар!

Құрметпен,

«Қазақстан» РТРК баспасөз қызметі


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар