«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Қазақстанның өңірлері туралы үздік видеоконтентке конкурс жариялайды

29.08.2023


Жобаға еліміздің әр аймағындағы жас журналистер, студенттер, мобилографтар және өз өңірі туралы ерекше контент ұсынғысы келетін кез келген азамат қатыса алады.

Байқаудың мақсаты:

- Ел аймақтарындағы ерекше талант иелерін;

- Қарапайым еңбек адамдарын;

- Тарихи орындарды;

- Сәулет өнерінің нышандарын;

- Өңір мақтаныштарын, шежірелі қариялар мен олардың өмір жолын;

- Еліміздің табиғаты әсем, көрікті жерлерін таныту.

Байқауға табиғат көріністері, тарихи орындар мен нысандар, көпшілікке танымал емес, алайда ерекше қабілетке ие жандар, отандық өнім шығарумен айналысатын шағын кәсіп иелері, аймақтардағы үлгілі отбасылар туралы бейнероликтер қабылданады.

Бейнероликке қойылатын талаптар:

1. Жоғары сапа;

2. Мазмұн;

3. Бейнероликке таңдалған музыканың авторлық құқығының шектелмеген болуы;

4. Тек телефон құрылғысына түсірілуі;

5. Форматы 9:16 (Reels), Мр4 1080;

6. Ұзақтығы 30 сек – 3 мин;

7. Әр үміткер жоғарыда көрсетілген тақырыптық бағыттар бойынша бір немесе бірнеше видео жібере алады.

Видеороликтер baiqau@qazaqstan.tv электронды поштасы мен +7 708 162 84 35 Telegram нөмірі арқылы 2023 жылғы 1 қазанға дейін жолдануы тиіс. Келіп түскен материалдарды Корпорацияның Диджитал бөлімі іріктейді және жұмыстар арнаның әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланады. Байқау нәтижесі бойынша үздік контент иелеріне ұялы телефондар табысталады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар