Телехикаялар бойынша ұсыныстарға байқау жарияланады

23.08.2023


«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 2024 жылға арналған жаңа телехикаялар бойынша ұсыныстарға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды. Ұсыныстар тарихи хикая, драма, мелодрама, комедия, шытырман оқиға жанрында қабылданады.

Телехикаялардың сюжеттік желісінде төменде көрсетілген тақырыптардың кез келгені көрініс табуы тиіс:

Тарихтағы елеулі кезеңдер мен тарихи оқиғалар;

• Отбасы құндылығы, салт-дәстүрлер;

• Еңбек және ғылым адамдары (құтқарушы, өрт сөндіруші, мұғалім, медицина және құқық қорғау қызметкерлері);

• Ішкі туризм;

• Ауыл өмірі, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнестің дамуы;

• Салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлық пен алкоголизм және лудоманияға қарсы күрес;

• Ұлтаралық, этносаралық қарым-қатынас және патриотизм;

• Инклюзия;

• Экология, жануарларды қорғау мәселелері.

Сонымен қатар танымал отандық әдеби шығармалардың желісі бойынша экранизацияға ұсыныстар қабылданады.

Байқауға қатысушы компания арнайы концепция жолдауы қажет. Ұсыныстар фильмдер мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндігі жоғары компаниялардан 2023 жылғы 30 қазанға дейін serial@qazaqstan.tv электронды поштасы арқылы қабылданады.

Қосымша сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: 8 (717) 2 75 71 08.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы биыл көрерменге 182 бөлімнен тұратын 11 жаңа телехикая ұсынады. Оның ішінде 3 тарихи сериал бар.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар