«Qazaqstan» телеарнасы «Ұлы дала жорығы» бәйге-марафонын көрсетеді

23.08.2023


«Ұлы дала жорығы» бәйге-марафонының екінші маусымы «Qazaqstan» телеарнасының эфирінен көрсетіледі. Жоба 2023 жылғы 6 қыркүйек 14:00-де Қаражар ауылынан басталып, 19 қыркүйекте Түркістанда аяқталады. Шабандоздар Ақмола, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Түркістан облыстары арқылы 1300 шақырымды жүріп өтуі тиіс.

Марафон 14 бөлікке (бірінші және соңғы күні 50 шақырымнан, қалған күндері 100 шақырымнан) бөлінген. Белгіленген қашықтықты аз уақытта жүріп өткен команда жеңімпаз атанады. Жобаның жүлде қоры - 65 млн теңге. Жеңімпаз команда 30 млн теңгеге, екінші орын иегерлері 20 млн теңгеге ие болса, қола жүлдегерлер 15 млн теңге алады.

«Ұлы дала жорығы» бәйге-марафонының салтанатты ашылу рәсімі 5 қыркүйекте «Қазанат» атшабарында ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар