Ұлттық арнада – ұлттық жобалар маусымы

18.08.2023

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан күзгі маусымда шығатын жаңа жобалардың алғашқы топтамасымен таныстыруды бастаймыз. Корпорация биылғы жаңа маусымын ұлттық жобаларға арнайды.

Қыркүйек айынан бастап қазақтың көнерген сөздерін жаңғыртуға арналған «Алтын қақпа» телевикторинасы, ел арасында ұлттық садақ ату спортын насихаттауға бағытталған «Мергендер мекені» реалити жобасы, қазақтың жыршылық өнерін қайта жаңғырту мақсатындағы «Жыр-аманат» бағдарламасы, ұлттық асхана, дәстүрлі дәм түрлерін дәріптейтін «Дала дәмі» жобалары эфирге шығады.

Бұдан бөлек, жаңа маусымда ат спортына арналған «Ұлы дала жорығы» бәйге марафонының телевизиялық нұсқасы көрсетіледі.

Корпорация түсірген тарихи сериалдар мен деректі фильмдер қатарында құсбегілік өнеріне арналған «Бүркітші қыз» және «Қорқыт» биографиялық телехикаялары, «Сұлтан Бейбарыс», «Мұстафа Шоқай», «Қазақ тазысы» деректі фильмдері бар. Ел тарихындағы айтулы тұлғалар Сұлтан Бейбарыс пен Мұстафа Шоқайға арналған деректі фильмдердің түсірілімі Мысыр, Израиль, Түркия, Әзірбайжан және Ресей елдерінің тарихи қалаларында өтті.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар