«Qazaqstan» телеарнасы тілшілер іздейді

17.08.2023

«Qazaqstan» ұлттық телеарнасының Ақпараттық бағдарламалар дирекциясына журналистер қажет. Өтінімдер телевизия саласында тәжірибесі бар кәсіби мамандардан қабылданады.

 Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- Республикалық және аймақтық телеарналарда кем дегенде 3 жыл мерзімде еңбек өтілінің болуы;

- Тіл тазалығы;

- Тікелей эфирде жұмыс істей алуы;

- Креативтілігі және түрлі оқиғалар кезінде жылдам әрекет ете алуы.

Қабылданатын мамандар «Aqparat» бағдарламасына күнделікті жаңалықтар шығарылымын дайындаумен және арнайы телевизиялық жобалар - деректі фильмдер мен түрлі тақырыптағы журналистік зерттеулер жасаумен айналысады.

Түйіндемелер 2023 жылғы 10 қыркүйекке дейін casting@qazaqstan.tv электронды поштасында қабылданады. Қосымша сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: +7 701 514 1559.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар