«Қазақстан» телерадиокорпорациясы футболдан Англия, Италия, Германия Кубогын және Англия мен Италия Суперкубогының ойындарын тікелей эфирде көрсету құқығын иеленді

31.07.2023

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы футболдан Англия, Италия, Германия Кубогын және Англия мен Италия Суперкубогының ойындарын тікелей эфирде көрсету құқығын иеленді.

Қазақстандық жанкүйерлер 6 тамыздан бастап клубтық деңгейдегі ойындарды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көре алады.

«Qazaqstan» арнасының эфирінен көрсетілетін алғашқы ойын 6 тамыз күні Астана уақытымен сағат 20:50-де «Уэмбли» стадионында өтеді. «Манчестер Сити» және «Арсенал» командалары Англия Суперкубогын сарапқа салады.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар