«Қазақстан» телерадиокорпорациясында ішкі кадрлық өзгерістер

26.07.2023

Бүгін журналист, тележүргізуші Саламат Омаш «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды. Ол бұған дейін «Qazaqstan» арнасының Ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары болған.

Соңғы бір жылда «Qazaqstan» арнасын басқарған Болат Мүрсәлім «Қазақстан» телерадиокорпорациясының Бас редакторы қызметіне ауысты.

Сондай-ақ Еркін Мұхамеджанов «Abai tv» телеарнасының директоры болып тағайындалды. Ашылған уақытынан бері «Abai tv» телеарнасын басқарып келген журналист, медиаменеджер Азамат Кеңесұлы Корпорациядағы қызметін Басқарма төрайымының орынбасары ретінде жалғастырады.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы соңғы жылдары кадрлық ауыс-түйістерді тұрақты түрде ротациялық тәсілмен жүргізіп келеді. Біздің басты ұстанымымыз – жаңа буын жетекшілерді іштен өсіріп, тәрбиелеу, білікті жастардың тек журналист ретінде ғана емес, медиаменеджерлер ретінде де қалыптасуына жағдай жасау», - деді Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар