«Қазақстан» телерадиокорпорациясы садақшылар сайысына қатысуға шақырады

15.06.2023

Күзгі жаңа телевизиялық маусымда «Qazaqstan» ұлттық телеарнасынан ұлттық спортқа арналған «Мергендер мекені» бағдарламасы эфирге шығады. Реалити-шоу форматындағы ауқымды жобаның мақсаты – ұлттық садақ ату өнерін қайта жаңғыртып, спорттың осы түрімен айналысатын қазақстандықтарды насихаттау.

Жоба барысында республиканың әр өңірінен қатысушылар дәстүрлі садақ атудан сайысқа түсіп, мергендігін сынайды. Жобаға 15 жастан асқан қазақстандықтар қатыса алады. Өтінімдер www.qazaqstan.tv сайтында 2023 жылғы 18 маусымнан бастап 12 шілдеге дейін қабылданады.

Жобаның іріктеу кезеңдері еліміздің 17 облысы мен 3 қаласында өтеді:

24 маусым - Алматы қаласында (Алматы қ-сы, Алматы облысы);

28 маусым - Түркістанда (Алматы, Тараз, Шымкент, Түркістан);

3 шілде - Ақтауда (Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Қызылорда);

9 шілде - Ұлытауда (Жезқазған, Павлодар, Семей, Өскемен, Талдықорған);

13 шілде - Бурабайда (Астана, Көкшетау, Қостанай, Петропавл, Қарағанды).

Өтінімдер қабылдау әр аймақтағы түсірілім күнінен екі тәулік бұрын тоқтатылады. Ел бойынша әр облыс пен қаладан 10 садақшыдан (ерлер және әйелдер) іріктеледі. Жоба ережесі бойынша әр аймақта жарысқа қатысушыларды дайындайтын тұрақты кеңесші жəне жаттықтырушы кəсіби садақшылар болады. Тұрақты кеңесші - Дәстүрлі садақ ату федерациясының вице-президенті, Қазақстанның аға жаттықтырушысы Диас Ахметов.

Жоба финалы 27 шілдеде Астана қаласында өтеді деп жоспарланған.

Қосымша сұрақтар бойынша 8 (747) 900 00 09 нөміріне хабарласа аласыздар.

Өтінім беру үшін https://qazaqstan.tv/mergender-mekeni   

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар