«Қазақстан» телерадиокорпорациясы балалар әндеріне байқау жариялайды

08.06.2023


«Қазақстан» телерадиокорпорациясы балалар әндерінің авторлары арасындағы дәстүрлі «Балдәурен» байқауын жариялайды. 2023 жылғы 10 маусым мен 10 тамыз аралығында өтетін байқауға балаларға арнап ән жазатын кез келген автор қатыса алады.

Байқау шарттары: 

- Қатысушы студияда жазылып, өңделген MP3 форматтағы әнді, мәтінін, егер болса нотасын baiqau@balapan.tv электронды поштасына жолдауы тиіс. Әннің авторлары толық көрсетілуі қажет.

- Жеңімпаздарды кәсіби композитор, ақын, әншілерден құралған Көркемдік кеңес іріктейді. Үздік деп танылған әндерге «Қазақстан» телерадиокорпорациясы тегін бейнебаян түсіріп, «Qazaqstan» және «Balapan» телеарналарының эфирінен ұсынады

«Балдәурен» байқауының мақсаты – балалар әндерінің көбеюіне үлес қосу. Байқаудың өткен жылғы кезеңінде 60-қа жуық автордан 109 ән қабылданған болатын. Оның ішіндегі үздік 5 әнге түсірілген бейнебаян қазір «Qazaqstan» және «Balapan» телеарналарының эфирінен көрсетіліп жүр. Жеңімпаз әндердің «BalapanTV» You Tube арнасындағы қаралымы 6 млн-нан асты. 

Байқау туралы қосымша ақпарат үшін 8 (717) 2 75 70 89 нөміріне хабарласуға болады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар