Ұлттық арна «Qazaqstan дауысы» мегажобасының жаңа маусымына қатысушылар арасында офлайн кастинг өткізеді

06.06.2023


«Қазақстан» телерадиокорпорациясы 16 жастан асқан кәсіби және әуесқой орындаушыларды «Qazaqstan дауысы» мегажобасының жаңа маусымында бақ сынауға шақырады. Іріктеу 16-17 маусымда Алматы қаласында, 25-26 маусым күндері Астана қаласында өтеді.

Жобаға 16 жастан асқан орындаушылар қатыса алады.

 Іріктеу талаптары:

- Музыкалық қабілетіңізді көрсететін заманауи хит және кезінде өте танымал болып, әлі күнге дейін айтылып жүрген түрлі бағыттағы әндерді орындау керек;

- Әр әннің ұзақтығы 1 минут 30 секунд қана болуы шарт;

- Жеке авторлық әндерді орындауға болмайды;

- Қатысушы орындайтын әннің бэк-вокалсыз аранжировкасын алып келуі қажет;

Кастингке қатысушылар әнді түрлі аспаптардың сүйемелдеуімен немесе концертмейстердің көмегімен орындай алады.

Музыкалық тележобаға қатысқысы келетін үміткерлер оффлайн кастингке төменде көрсетілген WhatsApp нөмірлер арқылы алдын ала тіркелуі қажет:

+7 (707) 666-40-32

+7 (778) 893-69-05

+7 (702) 953-00-95

Офлайн кастинг Алматы қаласында Желтоқсан көшесі, 175, Астана қаласында Д.Қонаев көшесі, 4 мекенжайында ұйымдастырылады.

Онлайн кастинг 2023 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады. Өтінімдер https://qazaqstan.tv/voice сайты арқылы қабылданады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар