«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары еліміздегі Еурокубок ойындарының (УЕФА Чемпиондар, Еуропа және Конференция Лигасы) ресми хабар таратушысы

19.04.2023


Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасында жартылай финалға шыққан алғашқы командалар белгілі болды. Испаниялық «Реал» және «Милан» командалары жартылай финалдағы қарсыластарын күтуде.

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары көрермен назарына екі матч ұсынады. Жартылай финалдық кезеңнің қарымта ойындары аясында мюнхендік «Бавария» өз алаңында англиялық «Менчестер Ситиді» қабылдайды. Екі команда арасында өткен алғашқы ойында 3:0 есебімен Хосеп Гвардиола шәкірттері жеңген. Бұл ойынды бүгін сағат 00:50-де «Qazsport» телеарнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.

Жартылай финалдың тағы бір қатысушысы Милан қаласында анықталады. Бұл жерде «Интер» және португалиялық «Бенфика» командалары кездеседі. Бір апта бұрын өткен ойында Симоне Индзагидің шәкірттері 2:0 есебімен басым түскен болатын. Екі команда арасындағы қарымта ойынды бүгін Астана уақытымен сағат 00:50-де «Qazaqstan» ұлттық арнасының тікелей эфирінен көре аласыздар.

УЕФА Чемпиондар Лигасы. ½ финалдық жұптар:

«Реал Мадрид» - «Манчестер Сити»/ «Бавария»

«Милан» - «Интер»/«Бенфика»

Чемпиондар Лигасының финалдық ойыны 10 маусым күні Түркияның Стамбұл қаласындағы «Ататүрк» стадионында өтеді.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар