«Balapan» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында 2023 жылға арналған жобаларға байқау жариялайды

27.03.2023


Өтінімдер 27 наурыз бен 10 сәуір аралығында korkemdikkenes@balapan.tv электронды поштасы арқылы қабылданады.

Жобалардың жанрлық бағыты:

- Танымдық телевизиялық бағдарламалар: сауат ашу, күнделікті тұрмыста кездесетін ұғымдар мен заттарды таныстыру, тұлғалық даму және өмірлік дағдыларды қалыптастыру, білім-ғылымға баулу, зияткерлік сайыстар, оқу-танымдық телехабарлар;

- Ойын-сауық бағдарламалар: музыкалық шоу, түрлі тақырыптағы реалити-шоулар, ойын түріндегі сайыстар;

- Ситкомдар;

Байқауға қатысушы компанияның телевизия саласында өндіріс тәжірибесі болуы шарт.

Толық ақпарат пен өтінім формасы www.balapan.tv сайтында.

Қосымша сұрақтар бойынша 8 (717) 2 75-70-89 нөміріне хабарласуға болады.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар