«Qazsport» телеарнасы футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының ойындарын көрсетеді

20.03.2023


«Qazsport» телеарнасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчтары аясында өтетін Қазақстан Ұлттық құрамасының ойындарын көрсетеді. Магомед Адиев баптайтын ұлттық құрама іріктеу кезеңдерінде «Н» тобында өнер көрсетеді. Қазақстан құрамасынан бөлек бұл топта Словения, Солтүстік Ирландия, Дания, Сан-Марино, Финляндия командалары бар.

Қазақстан Ұлттық құрамасы іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойындарын «Астана Арена» стадионында өткізеді. Алдымен, 23 наурыз күні 21:00-де Словения құрамасымен кездессе, 26 наурыз күні 19:00-де Дания құрамасына қарсы ойнайды.

Аталған кездесулерді «Qazsport» телеарнасы көрермен назарына тікелей эфирде ұсынады. Сонымен қатар, qazsporttv.kz сайты мен «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасы арқылы онлайн трансляция жасалады.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар