Кастинг: «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының 65 жылдығына орай телехикая түсіріледі

20.03.2023


«Qazaqstan» ұлттық телеарнасы 65 жылдық мерейтойына орай қазақ телевизиясының даму тарихы туралы телехикаяның түсірілімін бастады. Сериал негізінен 1970-1980 жылдардағы телевизияның өркендеу жолында аянбай еңбек еткен тұлғалардың бейнесін ашуға, олардың телеөнердің дамуымен қоса, ұлт мәдениетіне сіңірген еңбегін көрсетуге бағытталған.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы телехикаяның басты рөлдегі актерлеріне онлайн кастинг жариялайды. Іріктеуге кәсіби актерлерден бөлек, салаға әуесқойлығы бар кез келген азамат қатыса алады.

Телехикая үшін төмендегі рөлдерге кастинг жарияланады:

Кенжеболат Шалабаев (45-55 жас)

Шерхан Мұртаза (45-50 жас)

Камал Смайылов (45-50 жас)

Жарасқан Әбдірашев (30-35 жас)

Сағат Әшімбаев (30-35 жас)

Оралхан Бөкей (35-40 жас)

Қатысу шарттары:

Кастингке қатысушы аты-жөнін, байланыс нөмірін, бойы мен салмағын және қай рөлге екенін атап көрсетуі, дене бітімі толықтай көрінетін және ірі пландағы кәсіби суреті мен кез келген әдеби шығармадан 1 минуттық монолог оқып, видео жіберуі тиіс.

Өтінімдер casting@qazaqstan.tv электронды поштасы арқылы 2023 жылғы 20 сәуірге дейін қабылданады.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар