Қазақ телевизиясының ардагерлері марапатталды

03.03.2023

«Qazaqstan» телеарнасының 65 жылдығына орай бүгін Қазақ телевизиясында әр жылдары қызмет еткен ардагер-журналистер, дикторлар, режиссерлер мен спорт комментаторлары мерейтойлық медальдармен марапатталды.


Шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысып, телевизия ардагерлеріне «Еңбек ардагері», «Қазақ телевизиясына 65 жыл» медальдарын табыс етті.

«Ұлттық арна - қазақ телевизиясының ұлағатты ұстаханасы, құтты қарашаңырағы. Осы телеарнаның эпопеясында, телевизия «Алтын қорында» әрқайсыңыздың қолтаңбаңыз қалды. Бүгінде бірнеше арна мен радионың басын қосқан Корпорация Сіздердің ұлағатты істеріңізді жақсы жалғастырып келе жатыр. Арнаның даму жолындағы еңбектеріңізге ризашылығымыз шексіз», - деді министр.



Журналист Қажы Қорғанов, Гүлмәрия Барманбекова, Құсыман Игісінов, редактор Молдабек Сағымбек және режиссер Күлнаш Қошанова «Еңбек ардагері» медалімен марапатталса, ардагерлер-диктор Ласкер Сейітов пен Мәриям Айымбетоваға, ұзақ жылдар ақпараттық редакцияға жетекшілік еткен ардагер журналист Төлеубай Қаймолдиновке, тележүргізуші Баян Секербаеваға, дыбыс режиссерлері Қайрат Тойшыбеков пен Рысты Сәкеноваға және басқа да «Қазақстан» РТРК» АҚ ардагерлеріне «Қазақ телевизиясына 65 жыл» мерейтойлық медалі табысталды.


«Қазақстан» телерадиокорпорациясының Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай отандық телевизия мектебінің қалыптасуына атсалысқан ардагер-журналистерге алғысын білдірді.

«Қанша жыл өтсе де, Сіздердің телевизиядағы қызметтеріңіз әлі де тоқтаған жоқ. Қазір осы жерде тұрған журналистердің, медиаменеджерлердің барлығы - Cіздер тәрбиелеген шәкірттер. Сол ізбасарларыңыз арқылы отандық телевизияға, оның ішінде Ұлттық арнаға әлі де еңбек етіп келесіздер деп білеміз», - деді Басқарма төрайымы.





Шара барысында еліміздегі ақпарат саласын дамытуға қосқан елеулі үлестері үшін Ұлттық арна тілшілері Данияр Қайыртай, Дауренбек Әбдібек, Жазира Оразқызы, Ғани Қалмаханов және режиссер Мәрмәр Оразбаева «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін алды.

«Еңбек ардагері» медалімен марапатталған телевизия ардагерлері:

Қажы Қорғанов,

Гүлмәрия Барманбекова,

Құсыман Игісінов,

Молдабек Сағымбек,

Күлнаш Қошанова.

«Қазақ телевизиясына 65 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған корпорация ардагерлері:

Ласкер Сейітов,

Мәриям Айымбетова,

Фатима Бегенбаева,

Қарлығаш Мұртазина,

Төлеубай Қаймолдинов,

Алдан Смайыл,

Ұлбосын Айтөлен,

Нұржан Мұхамеджанова,

Мейрам Жанәділов,

Сағатбек Қалиев,

Қайнар Олжай,

Серік Жанболат,

Әшірбек Көпішев,

Сламбек Тәуекел,

Баян Секербаева,

Ұлмекен Төлеуова,

Қайрат Тойшыбеков,

Рысты Сәкенова,

Алтай Болатов,

Бағдат Көбенова,

Меруерт Омарова,

Қарлығаш Мұқанова

Қазина Нұрқанова,

Ләззат Жолболдина,

Ләззат Қапышева,

Қарлығаш Құспан,

Тұрсын Ыдырысова,

Роза Жүніс,

Иманбай Жұбаев,

Әлімжан Исабаев,

Қайрат Мұсақұлов,

Тұрмағанбет Кенжебаев.


Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» № 401-V Заңы

Интернет-ресурстарда ақпарат орналастыру туралы 16-бабының:

3-тармағы. Ақпарат иеленушілер өз құзыреті шегінде интернет-ресурстарда:

1-тармақшасы ақпарат иеленушінің қызметі туралы жалпы ақпаратты жариялауы тиіс:

«ақпарат иелерінің қызметі туралы ресми жаңалықтары (баспасөз хабарламалары) ;»

Аймақтық арналар